KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Семейде жүр

18.09.2019, 08:01 219

Семей қаласына арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Даниал Ахметов «Нұр» шаруа қожалығында болды. Облыс басшысының тапсырмасын нақты орындау бағытында мұнда көптеген шаруалар атқарылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның филиалы арқасында «Нұр» қожалығында 228,9 млн теңгеге жоба жүзеге асырылған. 2015 жылы қожалық лизинг бойынша көктемгі егіс жұмыстары үшін 14,8 млн теңгеге лизинг арқылы арнайы техника сатып алды. Өз қаражаттарына, яғни 9,5 млн теңгеге 100 бас сиырға арналған сүт тауарлы фермасының ғимараты жөнделді.

Облыс әкімі мұнда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Қазіргі таңда сүт өңдейтін аумақтың жөндеу жұмыстарына орын дайындалған. Бұл үшін жаңа технологиялар қойылмақ. «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлген 20,0 теңге өз мақсатына жұмсалды. Жем-шөп үшін шаруашылыққа 945 га жер берілген. Облыс басшысы «Нұр» қожалығын аралап​ көріп, ел экономикасы үшін сүт-тауарлы ферма бағытында дамтуды жалғастыра беру қажеттігін тапсырды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу