Вице-премьер Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен ШҚО-ға келді
Бүгін Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ең алдымен Семей қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мұнда гибридтік ота жасау блогы қарқынды түрде жұмыс істеп тұр. Операциялық зал ашылғаннан бері Семейде 300-ден астам ота жасалған. Вице-премьер ғимаратты аралап көріп медициналық мекеменің жұмысымен танысты. Бұл республикадағы ең жоғары технологиялық жабдықтармен қамтылған мықты денсаулық мекемесінің бірі.Бұл ауруханаға Семей ғана емес, облыстағы барлық аудандардың халқы, тіпті көрші Ресейден де сырқаттар келіп,емделу мүмкіндігі бар.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов аталмыш мекемеге барлық жағынан үлкен қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.
-Бұл тұрғындар үшін тамаша мүмкіндік. Әсіресе заманауи жедел жәрдем көліктері науқастар үшін ыңғайлы болмақ,-деді Бердібек Сапарбаев.