KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Партиялық жауапкершілікті күшейту қажет - Даниал Ахметов

28.08.2019, 06:35 364

Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 21 тамызында болған «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында алға қойылған міндеттер мен «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бүгін облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен партияның облыстық филиалының Саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде жан-жақты талқыға салынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жиынға партияның аумақтық филиалдарының төрағалары, олардың бірінші орынбасарлары, барлық деңгейдегі мәслихат хатшылары, мәслихаттар жанындағы партияның депутаттық фракцияларының жетекшілері, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағалары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҚХА мүшелері қатысты.

Кеңейтілген кеңесте партияның белсенді мүшелерін топтастыру, партияның барлық деңгейдегі әлеуетін арттыру, жауапкершілікті күшейту, халықтың әлеуметтік тобымен жұмыс істеу, ақпараттық-идеологиялық жұмысты қарқынды ұйымдастыру, партия төңірегіне жастарды топтастыру секілді өзекті мәселелер қарастырылды.

– Соңғы уақыттардағы арнайы талдаулар көрсеткендей, кейбір партия мүшелері орынсыз сылтаулар айтып, партиялық жиналыстарға, Сасяси кеңестің отырыстарына келмейтіні анықталған. Кей аудандарда партия жұмысы мүлдем құлдырап кеткен. Ақпараттық-идеологиялық жұмыстар тиісті деңгейде емес. Біз бұған жол беріп қоя алмаймыз. Салғырттыққа бой алдырып, өз жұмысына жауапсыз қараған кінәлі тұлғалар партия қатарынан шеттетіліп, тиісті жауапкершілікке тартылатын болады, – деген аймақ басшысы партия төңірегіне жастарды көптеп тарту керектігін жеткізді.

Облыс әкімі сонымен қатар партия жұмысын жүйелі дұрыс насихаттаудағы ақпараттық саясаттың маңыздылығына да тоқталып өтті.

– Бұл ретте облыстағы «Шығыс ақпарат» медиа-холдингінің құрамындағы SMM бөлімінің жұмысын атап өткен орынды. Менің атыма жолданған арыз-шағымдар мен өзекті мәселелердің бәрі де әлеуметтік желілер арқылы түсіп, тез арада шешімін табуда. Жұрт бұрынғыдай тиісті органдардың жауабын үш күн бойы тосып отырмайды. Сол себепті, жергілікті атқарушы билік әлеуметтік желілердің мүмкіндігін өздерінің жұмысында тиімді пайдалана алуы тиіс. Сондықтан «Шығыс ақпараттың» үлгісіндегі SMM құрылымдарын өңірдің барлық қалалары мен аудандарында құруды тапсырамын, – деді Даниал Ахметов.

(Бұл жөніндегі толық материалды «Дидар» газетінің алдағы санынан оқыңыздар)

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу