KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Өскемен тұрғыны осы күнге дейін 1989 жылы берілген құжатпен жүрген

22.08.2019, 03:37 108

Өскемен тұрғыны 30 жылға жуық жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүріп келген. Бұл туралы ҚазАқпарат Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің көші-қон қызметіне облыс орталығының 46 жастағы тұрғыны Марат Тұлыбаев жүгінді. Оның қолында 1989 жылы берілген ескі үлгідегі төлқұжат қана болған. Содан бері жеке басына ешқандай құжат рәсімдемеген. Өзінің айтуына қарағанда, құжат рәсімдеуге әуелде қаражаты болмаған. Кейін заң алдындағы жауаптылықтан қорқып, ешбір органға жүгінбеген. Ол бұған дейін құжатқа деген аса бір қажеттілік болмағанын айтады», - дейді департаменттің баспасөз қызметшісі Азамат Раисов.

Полиция қызметкерлері өскемендік тұрғынға екі аптаның ішінде қажетті құжаттарды жинауға көмектескен.

«Әуелі туу туралы куәліктің түпнұсқасын, орта мектеп бітіргені туралы анықтаманы көтерттік. Өтініш иесі КСРО ыдырағаннан кейін ешбір елдің азаматтығын алмаған екен. Барлық қажетті құжаттарды жинағаннан кейін көші-қон басқармасы оған Қазақстан Республикасының азаматы екенін растайтын анықтама табыс етті. Аталған анықтамамен азамат кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан жеке куәлігін ала алады. Бұл ретте, оған қандай да бір айыппұл санкциялары қолданылған жоқ.Тек жеке куәлікті ресімдеу үшін 500 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс», - дейді Азамат Раисов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу