KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

КСРО-дағы төлқұжаттарымен жүрген 150-ден астам шығысқазақстандық бар

29.09.2021, 12:10 208

 

Көші-қон қызметінің қызметкерлері «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын, сондай-ақ 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарын уақтылы алмастырмаған адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл адамдар жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты денсаулық сақтау, білім беру қызметтерін алуда, қажетті жәрдемақылар мен зейнетақыларды ресімдеуде шектеулі және ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері жоқ.

Жыл басынан бері 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарымен 150-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматтары болып танылды.

- Осылайша, Алтай ауданының полиция бөліміне 49 жастағы азамат жүгініп, ол 1988 жылы Украинада берілген 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен құжатталғанын айтқан. Ер адам Қазақстанға 90-шы жылдары келіп, Өскемен қаласында әскери қызметін өтеген, Жаңа Бұқтырма кентінде жұмыс істеп, өмір сүрген. 25 жылдан астам уақыт бойы құжаттарды жолдаса да Украинадан жауап келмеген, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының консулдығы арқылы Украинадан қажетті құжаттарды сұратуға жәрдем көрсеткен. 17 қыркүйекте азамат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі рәсімделді.

Өз кезегінде азамат қызметкерлерге жеке куәлікті рәсімдеу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектескені үшін алғыс айтты. Енді ол барлық мемлекеттік қызметтерді басқа қазақстандықтармен бірдей пайдалана алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу