KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Семейде тоққа түсіп өлген баланың ата-анасы сотталуы мүмкін

21.08.2019, 11:20 217

Семейде 6 жасар бала музыкалық орталықтың аршылып қалған сымынан токқа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қайғылы оқиға бала ойнап жүрген кезде болған. Музыкалық орталықтың сымының аршылып қалған бөлігін ұстаған бала, сол жерде жан тапсырған.

«Тиісті деңгейде қауіпсіздік шараларын қолға алмай, сәбидің өліміне түрткі болған жауапсыздығы үшін баланың ата анасына қатысты Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды», - делінген департамент дерегінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу