KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

"Dong Feng" және "Daewoo". Семейдің автобустары 86% жаңартылады

19.08.2019, 03:47 161

10 қыркүйектен бастап Семейде жаңа автобустар жолға шығып, жаңа маршруттық желі іске қосылады. Бұл туралы қала әкімі Ермак Сәлімов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 -Кейбір тасымалдаушылар бүгінде өз міндеттемелерін мүлдем орындамайды. Бұл бірінші кезекте маршруттың тұрақтылығына қатысты. Мысалы, "Азия Combi" тұрақтылығы 33% - ға дейін төмендеді, "Семавтопарк" тұрақтылығы 37% - ға дейін төмендеді. Жағдайды жақсарту үшін шаралар қабылданды, - деді қала басшысы.

Семей қаласы ақпараттық орталығы мамандарының айтуынша, келесі айдан бастап қала бойынша 170 жаңа автобус қатынайды.

Олардың ішінде "Daewoo" маркалы ақ-жасыл түсті жоғары деңгейдегі 30 автобус, орта класты жасыл-ақ түсті 80 автобус және "Dong Feng"маркалы  60 автобус бар. Осылайша, қалалық автопарк 86% - ға жаңартылады.  Алдағы уақытта қалада электронды билет іске қосу жоспарлануда. Бұдан былай жолаушылар жолақысын арнайы карточкалардың көмегімен төлейді. Электронды билет барлық автобустарға енгізілетін болады. Жол ақысын төлеудің жаңа жүйесі келесі жылы іске қосылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив