Семейдің көшелеріне су жаңа 60 автобус шықты
Семейге арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Орталық алаңда жаңа автобустардың кілтін табыстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аймақ басшысы су жаңа 60 автобустың жүргізушілері мен кондукторларына сәт сапар тіледі.
-Бүгінгі күн біз үшін үлкен қуаныш, Семей халқын шын жүректен құттықтаймын. Жұмыс оң нәтижесін берді. Жыл соңында Қарағайлыда сіздер көптен күткен Абай-Арена ашылатын болады,-деді Даниал Ахметов.
Жолаушылар тасымалын дамытудың кешенді бағдарламасы аясында Семей қаласында жылдың соңына дейін тағы110 автобус құрастырылмақ. «Dаewoo bus Kazakhstan» көлік құрастыру зауыты директорының орынбасары Марат Мәкішев мәлімдегендей, Атырау қаласына арналған автобустар қазірдің өзінде дайын тұр.
Келісім-шартқа сәйкес "Daewoo" маркалы 110 және 60 "Dong Feng"маркалы 60 автобус алдағы уақытта жұмысқа шығуға дайын.