KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Семейліктердің 30%-ы ғана қоқыс шығару қызметімен келісім-шартқа отырған

15.08.2019, 11:35 266

Семейліктердің 30%-ы ғана қоқыс шығару қызметімен келісім-шартқа отырған, ал қалғаны ше? Ермак Сәлімов қаланы ластайтындарға жаза қолдану керектігін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қаладағы қоқыс шығару мәселесі тұрғындардың ғана емес, қала әкімінің де көңілінен шықпайды екен.

Ермак Сәлімов учаскелік полиция инспекторларымен жолығып келісім-шартсыз қоқыс төгіп жүрген тұрғындарға жаза қолдану керектігін айтты.

Қоқысты шашып, бірақ ақша төлеуден қашып жүретін семейліктер мен жеке кәсіпкерлердің әрекеті басты назарға алынбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу