KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

ШҚО-да дауыл тұрып, құлаған ағаштар автокөлік жолын жауып қалды

5.08.2019, 05:29 240

Шығыс Қазақстанда дауыл тұрды. Құлаған ағаштар автокөлік жолын жауып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жексенбідегі күшті жел әсіресе Глубокое ауданына қарайтын Черемшанка ауылында байқалды. Дүлей дауыл бұта-бүргенді ғана емес, қапсағай ағаштарды да түбірімен қопарып кетті.  Сол себепті Өскемен-Риддер трассасының Черемшанка мен Бутаково аралығындағы бөлігінде көлік кептелісі пайда болды. Қазіргі уақытта жүргізушілер бірде жолдың қарама-қарсы жолағына шықса, бірде тіпті жол жиегіне шығып, қарсы келген көлікті өткізіп жіберуге мәжбүр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу