Өскеменде үш ай бұрын жоғалып кеткен бойжеткеннің денесі табылды
Өскеменде мамыр айында із-түссіз жоғалып кеткен 20 жастағы бойжеткен туралы жазған едік. Үш айға жуық уақыттан кейін оның мәйіті табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мөлдір Сәрсенова 8 мамырда үйінен шығып, Аблакетка ауданына бармақ болған екен. Бірақ құжаттары мен ұялы телефонын алып шықпаған.
Бойжеткеннің денесі 31 шілде күні Глубокое ауданында Ертіс өзенінен табылып отыр.
Қазір тиісті сараптамалар жасалып, қыз өлімінің себебі анықталуда.
Оқи отырыңыз