Қазақстанда телерадио хабарларын тарату тоқтатылады

Ертең республика аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
31 шілде күні сағат түнгі 03.00-ден 17.00-ге дейін жоспарға сәйкес профилактикалық жұмыстар жүргізіледі екен. Бұл туралы «Қазтелерадио» баспасөз қызметі мәлімдеді.
«31 шілдеде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) жоспарлы-профилактикалық жұмыстар мен құрал-жабдықтарды бақылау мақсатымен өлшеу шаралары атқарылады. Келтірілген ыңғайсыздық үшін кешіріим өтінеміз», — деп жазылған баспасөз ақпаратында.
Оқи отырыңыз