Сібірдегі өрт. ШҚО-да ауаның ластану деңгейі шектік мөлшерден асып кетті
NASA-ның Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған суреттер 26 шілдеден бері жалын құшағында қалған орман аумағы ұлғайып бара жатқанын көрсетті. Өрттің түтіні батысқа қарай таралуда. «Қазгидрометтің» экологиялық мониторинг стансаларынан алынған деректерге сүйенсек, Қазақстанның Ресеймен шекаралас аумақтарында ауаның ластану деңгейі шектік мөлшерден асып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шығыс Қазақстанды басып қалған көк түтін СҚО, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарына дейін жылжып жетті. Қазіргі уақытта Қарағанды облысына тарап, әрі қарай Алматы облысының солтүстік аудандарына дейін жетіп жатқан көрінеді.
Облыстарда максималды бөлшек коцентрациясы, яғни шекті рұқсат етілген концентрация. (baq.kz-тен алынды)
Мамандар әсіресе Шығыс Қазақстан өңірінің аумағында ауаның ластану деңгейі шектік мөлшерден асып кеткенін айтып, дабыл қағуда.
Сібірдегі өрттің салдарынан Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында ауада ластайтын заттардың жиналуына мүмкіндік беретін қолайсыз метеожағдай қалыптасты.