Қаланың бірнеше аумағында ауа ластанды - Өскемен
Өскеменнің бірнеше аумағында 14 - 20 сәуір аралығында ауаның ластану көрсеткіші артқаны белгілі болды. Бұл туралы "Қазгидрометтің" Шығыстағы филиалы хабарлады.
- қала бойынша күкірттің еселенген тотығының шекті рұқсат етілген концентрацияның жоғары мөлшері "2-ПНЗ" (Толстой көшесі, 18 мекенжайындағы ауа ластануын бақылау бекетінің) маңында тіркелді - 2,3-ке дейін жетті;
- қала бойынша күкіртсутектің шекті рұқсат етілген концентрация мөлшері "2-ПНЗ" (Толстой көшесі, 18) маңында тіркелді - 5,0-ге дейін жетті;
- қала бойынша азот диоксидінің шекті рұқсат етілген концентрация мөлшері "1-ПНЗ" (Рабочая, 6) маңында тіркелді - 1,2-ге дейін жетті.