KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
514.94 583.74 6.13

Ертең Өскемен халқы жаппай тазалыққа шығады

26.07.2019, 08:21 255

Өскеменде «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өткен аптада аталмыш акцияға қатысқан премьер-министр Асқар Мамин «Мен бұл акцияның кеңінен таралатынына, жалпыреспубликалық шараға айналатынына және азаматтар арасында қолдауға ие болатынына сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», – деген болатын.

Акция Өскеменде ертең (27 шілде) сағат 10:00-де болады. Қалалық әкімдік оған қатысамын деушілерге келуге болатынын айтты.

Тазалық төмендегі мекенжайларда жүргізіледі:

Шәкәрім даңғылы, 4;

Протозанов көшесі, 1;

Протозанов көшесі, 69;

Астана көшесі, 4;

Астана көшесі, 28;

Амфитеатр;

Комсомол аралы;

«Альшемали» сауда үйі;

Астафьева, 161;

Интернациональной көшесінің бас жағы;

Аврора көшесі, 181а;

"Алтай" технопаркі;

"Светоч" бағбандық серіктестігі;

Гастелло көшесі.

Толық ақпаратты мына байланыс нөмірі арқылы білуге болады: 26-89-86, 26-67-07, 8-776-457-47-77.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу