Семейде қоқыс жәшіктері сән үшін тұрғандай (ВИДЕО)
Бүгін Шығыста "Бірге-таза Қазақстан" акциясы өтті. Сенбілікте Семейдің әкімі Ермак Сәлімов жеке кәсіпкерлерге айыппұл салуды тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш акцияға қатысқан премьер-министр Асқар Мамин «Мен бұл акцияның кеңінен таралатынына, жалпыреспубликалық шараға айналатынына және азаматтар арасында қолдауға ие болатынына сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», – деген болатын.
Осыған байланысты Өскемен, Семей қалаларында өткен сенбілік, бір қатар мәселелердің басын ашты.
Семей әкімі қала аумағын жинап жүріп, жеке кәсіпкерлердің мүлдем талапқа сай жұмыс істемейтініне көз жеткізді.
Төмендегі бейнежазбаға назар аударсақ, кәсіпкер қоқыстарын орман ішіне тастап, өртеп жүргенін көруге болады. Тіпті кейбірінде қоқыс жәшігі сән үшін тұрғандай.
Табиғат-Анаға лайықты құрмет көрсетпейтіндерге әкім әкімшілік хаттама толтыруды тапсырды.