KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Өскеменнің көшесі ми батпаққа айналды

26.07.2019, 08:17 67

Өскеменде ескі Согра ауданының тұрғындары көшеге шығу мүмкін емес дейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Біз Депутат көшесінде тұрамыз. Тас пен топырақты жолға төгіп кеткен. Енді мына толассыз жауған жаңбырдан кейін жолдың бәрі езіліп жатыр. Сонда біз мына көшелермен қалай жүруіміз керек?– дейді бейнежазба авторы.

Ал қалалық ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары болса, шағымға төмендегідей жауап қатты:

– Көше жолдарын жөндеу мақсатында төгілген топырақ жаңбырда езілмей қайтсін? Жауын-шашын тоқтаған соң жол жөндеу жұмыстары бірден басталады. Қолайлы күнді күтіп жүрміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив