Өскеменде бес жастағы бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Өскеменде кішкентай бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
16 шілде күні сағат кешкі сегіздер шамасында полицияға қала тұрғыны қоңырау шалып, әлдебір балақайдың аузы қанап, аулада құлап жатқанын хабарлаған. Жанында ересек ешкімнің жоқ екенін де айтқан.
Тәртіп сақшылары анықтағандай, үлкендердің қарауынсыз қалаған 5-6 жастағы балақай екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
Балақай дереу ауруханаға жеткізілді. Жансақтау бөлімінде.
Оқи отырыңыз