KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Семейде көне сиқырлы айна бар

12.07.2019, 11:16 210

Семейде Ф. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде "Музей қорынан"  көрмесі ашылды. Көрмеге 200-астам экспонат қойылған. Олардың басым көпшілігін кітаптар, журналдар, фотоаппараттар мен сағаттар коллекциясы құрайды. Алайда,  құнды дүниелердің арасында қашқар тиыны мен қытайдың сиқырлы айнасы аса ерекшеленеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- Мен бұл айнаны қаладан 20 шақырым жерден таптым. Оның ортасы тесілген болды. Тіпті,  айнаны жерленген жерден алынған деген нұсқа да бар. Сиқырлы айнаны қабірге салмас бұрын ешкім пайдаланбас үшін арнайы тесіліп, бұзылғаны байқалады, - деді "Прииртышье"  өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасанов.

Семей қаласының ақпараттық орталығының мәліметінше, өлкетанушы айтқандай  бұл сиқырлы айнаға шамамен 1000 жыл болған. Онда қытай иероглифтері бейнеленген. Айна пішіні қисық және қоладан жасалған.

- Оның сиқырлы деп аталуының басты себебі, айна арқылы қабырғаға күн сәулесін түсіргенде,  қабырғада артқы жақта орналасқан суреттер немесе жазбалар пайда болады. Сол үшін де оны тылсым дүниелермен байланыстырады,-дейді М. Сасанов.

Көрмені дайындау барысында музей қызметкерлері көне бұйымның өзге де сиқырлы қасиеттерін байқаған. Олар экспонатты жіпке ілгенде сиқырлы айна жан-жаққа жылжып, бет жағымен бұрылмаған екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив