KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

Жазғы лагерьлер балаларды шыншылдыққа баулуда

10.07.2019, 11:51 188

Биыл облыстың жазғы балалар лагерлерінде жемқорлыққа қарсы мектептер белсенді жұмыс істеуде. Олардың басты мақсаты – оқушы жастар бойында адалдық, әділдік және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Мысалы, Тарбағатай ауданындағы «Сеңгір» жазғы демалыс лагерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп» жобасы аясында оқушылар арасында әділдік, шыншылдық түсініктерін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар тұрақты жүргізіліп келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Лагерьде «Шындық әрқашан алға жетелейді» пікірсайысы, «Біз – спортшымыз» спорттық жарысы, «Парасаттылық – кісілік қасиет» қимыл-әрекет ойындары өтіп, оларға қырықтан астам оқушы қызыға қатысқан.

Сондай-ақ, Ұлан ауданындағы «Болашақ» сауықтыру лагерінде де «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы аясында оқушыларда әділдік түсінігін қалыптастыруды көздеген «Әділ жеңіс» спорттық сайысы, «Адал еңбек» суреттер байқауы өтті. Мұнымен қоса, балалар флешмоб ұйымдастырып, вайндар түсіріген. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Әсем Әубәкірова балалардың сайыстарға ерекше қызығушылықпен қатысқанын айтады.

– Балаларымыздың өтірік айтуға, алдауға болмайтынын, сондай-ақ заң бойынша өмір сүру керектігін түсінулері аса маңызды, – дейді ұйымдастырушылар.

Аталған іс-шаралар лагерьлердің барлық легінде тұрақты түрде өткізілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу