Өскемен тұрғынын жастық сататын әйел алдап кетті
25 маусым күні 43 жастағы әйел 68 жастағы ер адамға жастық әкеліп беруге уәде еткен. Екеуі аса жақсы таныс болмаса да ер адам оған сеніп, 20 000 теңге беріпті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Уәде еткен жастықты сатып алушы бір аптадан астам уақыт күткен. Алайда ақша да, жастық та, оны сатушы әйел де сол бойы жоқ болған. Алданған тұрғын полицияға арыз жазады.
Тәртіп сақшылары жастық сатушы әйелді құрықтайды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Анықталғандай, бұрын сотты болған екен.
Бұл іс бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.