ШҚО-да лицензиясыз құс атуға рұқсат берілуі мүмкін
Шығыстың табиғат қорғаушылары қарақаздардың балықты қырып жатқанын айтып, дабыл қағуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қарақаз кей жерде суқұзғын деп аталады. Ол күніне бір келідей балық жейді.
– Құстардың осы түрін реттеу 2014 жылдан бері қолға алынды. Жуықта осы мәселеге қатысты заңға өзгеріс енгізу керегі парламентте қозғалды. Келесі жылдан бастап ешқандай лицензиясыз қарақаздарды атып, олардың ұясын бұзуға рұқсат берілуі мүмкін, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Арман Есентаев.
Оқи отырыңыз