KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Аң аулау лицензиясы енді электронды түрде ғана беріледі

12.09.2019, 09:12 146

Бұдан былай жануарлар әлемін қолдануға рұқсат беру тек қана электронды түрде жүзеге асырылатын болады. Бұл жөнінде облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Әмірханов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Лауазымды тұлғаның айтуынша, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына ұсынылған қаулы жобасы жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік стандарттардың өзгеруімен басйланысты көрінеді. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімінің 5-тен 3 жұмыс күніне дейін қысқаруы және көрсетілген қызмет нәтижесінің «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы берілуі.

– Сонымен қатар құжаттарды қағаз жүзінде беруден бас тартып, тек электронды түрде, яғни е-лицензиялауға көштік, – деді Мерхат Әміров.

Қоса кетсек, аталмыш қызмет түрін алушылар «Электронды үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталдары арқылы өтініш беріп, лицензиялауға рұқсат ала алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив