Өскеменде шалбарын шешіп балалардың зәресін қашырған ер адамды іздеп жатыр
Өскеменде полиция қызметкерлері, шалбарын шешіп балалардың зәресін қашырған ер адамды іздестіруде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға бульвар Гагарина, 32 көп қабатты үйінің ауласында болған. Бейнежазбада ер адамның өзін біртүрлі ұстап, тіпті балалардың ойын алаңына барып шалбарын төмен түсіргені көрініп тұр. Куәгерлердің айтуынша, балалардың зәресін қашырған еркек бейнежазбаға дейін аулада шприц қалдырып кеткен көрінеді.
Полция бөлімшелеріне аталған факт бойынша шағым түспеген. Алайда, құқыққорғау органдары мәселенің жай-жапсарын тексерміз деп отыр.
Полиция басқармасының баспасөз қызметі осындай жағдайға тап болған қала тұрғындарына, 102 каналына хабарласуларын өтінеді