KZ
Өскемен
-1°
туман жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Риддерде мас ер адам көлік қозғалысына кедергі келтірді (ВИДЕО)

10.07.2019, 04:49 112

Риддерде ішімдікке сылқия тойып алған еркек тұрғындардың мазасын қашырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға 9 шілде күні таңертең Киров көшесінде болған. Мас күйінде мәшинелерге қарай ұмтылып, жол қозғалысына кедергі келтірген еркек жаяу жүргіншілерге де айқайлап тұра жүгірген көрінеді. Риддерліктерді біраз әбігерге салған ер адамды полиция қызметкерлері қамауға алған.

– Әзірше ер адамның кім екені анықталып жатыр. Қоғамдық ортада оғаш қылық жасағаны үшін оны ҚР ӘҚБт 440-шы бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартамыз, – дейді ШҚО полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив