Өскеменде тағы жарылыс. «Неге ескертпейді?»
Өскеменде 21 қазан күні қатты жарылыс бір рет емес, екі рет болды.
Сағат 17.20 шамасында екінші жарылыс болғанда, Жібек маталар комбинаты ауданындағы көліктерді қойып, қаладағы автокөліктердің дабылы ойнап, тұрғындардың зәресін алды.
Ал ЖМК ауданы және Күленов кентінің тұрғындарының айтуынша, аяқ астындағы еден мен терезелер дірілдеп, балалар шошып қалған.
- Қаланың ортасында жүрсем де, жарылыс сұмдық естілді. Адамның зәресін алмай, неге ескертпейді? – деп жазды әлеуметтік желіде Айгүл есімді тұрғын.
Қала тұрғындары жіберген фото және бейнежазбаларға қарағанда жарылыстың Шешек асуындағы тау бөктерінде орын алғаны көрініп тұр.
Ал Төтенше жағдай департаменті бұл жайтқа байланысты түсініктеме бере алмады. Себебі жарылыс жұмыстары туралы ақпараттың департаментке келіп түспейтіні белгілі болды.