Өскеменде төрт баланың әкесі 9-шы қабаттан секірмек болды
Өскеменде құтқарушылар 9-шы қабаттан секірмек болған төрт баланың әкесін ажалдан аман алып қалды. Бұл алғашқы жағдай емес екен. Өткен айда ер адам екі рет өмірмен қош айтыспақ болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға кеше Қазыбек би даңғылындағы үйлердің бірінде болды. ТЖ басқармасының мәліметі бойынша, ол мұндай әрекетке бұған дейін екі рет барған.
- Қазір ер адамның да, балалардың да өміріне қауіп жоқ. Ол қатты эмоционалдық толқуға ұшыраған екен. Құтқарушылар дер кезінде тыныштандырып, сабасына түсірді, - дейді ТЖБ баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің айтуынша, ер адамды құтқаруға әкімдіктің және тұрғын үй-коммуналдық қатынастары бөлімінің қызметкерлері де қатысқан екен.