ШҚО-да мас әйел екі қызды басып кетті
Шемонаиха ауданында мас күйінде көлік тізгіндеген әйел екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға 16 маусым күні Олимп қалалық стадионының маңында болған. Ішімдік ішіп алған 33 жастағы қала тұрғыны өзінің танысының «Toyota Chaser» маркалы көлігін рұқсатсыз теуіп кеткен. Артқа қозғалыс жасар кезде ол өзінің маневрінің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген. Ақыр соңында 14 және 25 жастағы екі қызды қағып кеткен. Зардап шеккендер көптеген дене жарақаттарын алған.
Тәртіп бұзушының іс-әрекеті ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабы 1-бөлімі, «Көлік құралдарын мақсатсыз ұрлау немаесе заңсыз иелену (айдап әкету)», бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.