ШҚО-да 15 жастағы қызды жүк көлігі қағып кетті

Жол апаты Глубокое ауданының Быструха ауылында болған. 15 жастағы жасөспірім алған ауыр жарақаттардан көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 27 қыркүйек күні сағат 21.00-де жүк көлігінің 41 жастағы жүргізушісі кәмелет жасқа толмаған қыз баланы қағып кеткен. Жасөспірім жедел жәрдем көлігінде есін жимастан көз жұмған.
Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқи отырыңыз