Маусымда қарбыз жеуге бола ма?
Маусым айының соңына қарай сатылымда қарбыз пайда болады . Алайда ерте сатылып жатқан бақша өнімін жеу қаншалықты қауіпсіз? Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері айтып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің мәлімдеуінше, Қазақстанда сатылып жатқан қарбыз бен қауындардағы нитраттардың мөлшері жыл сайын азайып келеді екен.
- Қазір Ираннан әкелінген қарбыздар сатылуда. Бұл өнім бақылауға алынған. Аумақтық департаменттер өнімді ең алдымен нитраттарға тексереді. Жыл сайын зиянды заттардың мөлшері азайып келеді, - дейді Жандарбек Бекшин.
Сондай-ақ, бас санитар дәрігер қарбыз бен қауынның сыртын жақсылап тазалау қажет екенін ескертеді.