KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Тойдан әкелген сарқытты жеуге болмайды – Қазақстанның бас санитар дәрігері

28.05.2019, 10:39 357

Еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тойдан әкелінген сарқытты жемеуге шақырады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- Күн жылынып, ауа температурасы жоғарылағанда адамдар арасында вирустық және бактериялы ішек инфекцияларының қауіпі жиілей бастайды .Мұндай инфекция азық-түлік пен су және науқас адам арқылы таралады, - дейді Жандарбек Бекшин. – Ішек ауруларының алдын алу үшін тойдан әкелінген кәмпит пен құрғақ кондитерлік тағамдардан басқа сарқытты жеуге болмайды.

Оның айтуынша, жаз мезгілінде жеке бас гигиенасына ерекше мән беру керек. Сондай-ақ, қайнатылған немесе  бөтелкедегі сапалы суды пайдаланған дұрыс. Ал сут, ірімшік, қаймақ, ет полуфабрикаттары, еттен және балықтан жасалған тағамдарды, кремі бар аспаздық өнімдер секілді тез бұзылатын азық-түліктерді тоңазытқыштың өзінде 6-12 сағаттан асырмай сақтау қажет. 12 сағаттан артық сақталған тағамдарды пайдаланбас бұрын жақсылап жылыту керек.

Тағы бір ескеретін жағдай, азық-түлікті заңсыз сауда орындарынан сатып алуға болмайды екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу