KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Өскеменнің көшелерінде мүгедектерге арналған арнайы жолдар жасалады

18.06.2019, 06:33 137

Өскеменнің көшелері мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жасалатын болды, деп хабарлайды Алтапйньюс тілшісі.

Қазір Крылов және Протозанов көшелерінің қиылысында сары түсті жолақтар пайда болды. Анықталғандай, бұл көздері көрмейтін жандарға арналған тактильді плиткалар екен.

Қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек Тұрсымбетовтың айтуынша, мұндай жолдар әзірге бір көшеде ғана пайда болды. Алдағы уақытта олардың саны арта түспек. Қазір қала көшелеріне талдау жасалып, қай жерлерге осындай жолдар қажет екені анықталып жатыр.

Сондай-ақ, өткен жылы жаяу жүргішілерге арналған жолдар ақ-сары жолақтармен боялып, көптеген жол белгілері мен көшелердің атаулары Брайль алфавитімен, яғни зағипатарға арналған шрифтпен жабдықталған болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив