KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Тарбағатайда үш күндік халықаралық фестиваль өтеді

14.06.2019, 04:31 229

14-16 маусым күндері Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық спорт және өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Фестивальдің бағдарламасы

14 маусым

Сағат 14.00-18.00-де. Қазаққ күресінен Ырғызбай Досханұлы атындағы Әлемдік Гран при жарысына келуші спортшылар мен төрешілерді, қонақтарды қарсы алу.

14.00-19.00. ШҚО аудан имамдарының «XXI ғасырдың зияткер имамы» атты облыстық білім сайысы.

14.00-19.00. ШҚО ақсақалдар кеңесінің көшпелі отырысы.

Өтетін орны: Тарбағатай ауданы, Ырғызбай әулие кесенесі.

 

15 маусым

Сағат 11.00-де Қазақ күресінен Ырғызбай Досханұлы атындағы Әлемдік Гран при бәскесінің ашылу салтанаты.

18.00. Марапаттау рәсімі.

21.00. «Qazaq Promotion» компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой боксшылар арасында «Ұлы дала батырлары» атты әлемдік жекпе-жек кеші.

23.00. Боксшыларды марапаттау.

Өтетін орны: Ақсуат ауылы.

 

16 маусым

Бұл күні таңертең «Ұлы Дала қазанаты» атты тұңғыш рет 140 шақырымдық ат бәйгесі ұйымдастырылса, түстен кейінгі уақытта «Туған жерге туыңды тік» атты ақындар айтысы өтеді екен.

Сағат 09.00-де Тай жарысы.

09.30. Жорға жарысы.

10.00. Топ бәйге.

11.00. Аламан бәйге.

12.30. Марапаттау рәсімі.

Өтетін орны: Екпін ауылдық атшабары.

14.00. «Тарихқа толы Тарбағатай» кітабы (IV томы) мен 2016-2018 жылдары өткен «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық айтыс жинағының таныстырылымы.

Төртінші рет өтетін халықаралық айтысқа Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Қанат Мырзахан, Дулат Шідерин, Мұхтар Ниязов, Сырым Әуезхан, Аруна Керімбек, Аспанбек Шұғатаев, Моңғолиядан Айдос Рашат, Қырғызстаннан Ақжолтай Қанатбекұлы, Қытай халық республикасынан Ерлан Аманқожаұлы сынды ақындар қатысады.

Айтысты ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізеді.

Айтыс «Музарт» тобының гала-концертіне ұласады.

Фестиваль мерекелік отшашумен аяқталады.

Өтетін орны: Ақсуаты аулының орталық стадионы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив