Мектепке қабылдауға өтінішті онлайн беруге болады
1 маусымнан бастап бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналары өтінішті үйден шықпай-ақ бере алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Онлайн-өтінішті тұрғылықты мекен-жайы бойынша ғана емес, өз таңдаулары бойынша қалаған білім мекемесіне өткізе алады.
Бұл туралы ШҚО Білім басқармасы мәлімдейді.
1 маусымнан бастап жалпы білім беретін мектептерге 1 сыныпқа құжат қабылдау бойынша электронды жүйе іске қосылып қойған. Өтініштер 30 тамызға дейін қабылданады.
Бұл қызметті ата-аналар vko.ddo.kz сайтында электронды цифрлық қолтаңба арқылы онлайн режимде алады. Ол үшін сайтта сұралған ақпаратты толтырып, байланыс мәліметтерін көрсету қажет. Сондай-ақ, тиісті құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркейді.
Мектепке қабылдану/қабылданбау туралы хабарлама бес жұмыс күннің ішінде көрсетілген байланыс телефонына немесе электронды почтаға келеді.