Әкімдердің жұмысы автомобиль жолдарының сапасы бойынша бағаланатын болды
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің жұмысын автомобиль жоладырының сапасы бойынша бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялап отыр.
-"Нағыз сапалы жол қандай болуы керек?Ең алдымен, сол жолды пайдаланатын тұрғындарды діттеген жеріне тез, жылдам апаратын қауіпсіз жол болуы тиіс. Жөнделген жолдың саны емес, сапасы маңызды! Әкімдіктердің жұмысын осы талапқа сай бағалайтын боламын" - деп айтқан екен Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау жұртшылығымен кездесуінде.
Оқи отырыңыз