KZ
Өскемен
+23°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Шығыстағы бір ауылға спорт кешені салынып жатыр

7.06.2019, 03:16 141

 ШҚО, Глубокое ауданы, Предгорное ауылында спорт кешені салынуда. Ал құрылыс жұмыстарына қажетті материалдарды сатып алуға аудан әкімдігі мен демеушілер қаржылай көмек көрсетіп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алдағы уақытта бой көтеретін нысанның жалпы аумағы 1200 шаршы метрді құрайтын болады. Онда волейбол, футбол, баскетбол сынды спорт түрлерімен айналысамын деушілерге барлық жағдай жасалмақ. Бұдан бөлек, хоккей қорабы да салынуы мүмкін деп жоспарлануда.

– Ауылда шамамен төрт мыңға жуық халық тұрады. Сол себептен бұл елді мекенге осындай әмбебап спорттық нысан қажет. Мұндағы басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың спортқа деген қызығушылығын ояту, - дейді Краснояр ауылдық округінің әкімі Олег Егоров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив