KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Семейдің қай көшелері жөнделетіні айтылды

5.06.2019, 10:02 228

Семейдің 6 көшесі жөнделеді биыл, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Олар:
– сол жағалаудағы Бозтаев көшесі (айналма жол мен Селевин көшесінің аралығы);
– Глинка көшесі (айналма жол мен Рысқұлов көшесінің акралығы);
– Параллельная көшесі (Мичурин-Қаржаубайұлы көшелерінің аралығы);
– Дастенов көшесі (Қабылбаев-Трусов көшелерінің аралығы);
– Найманбаев көшесі (Чехов-Засядко, Мұхамедханов-Морозов көшелерінің аралығы);
– Қаржаубайұлы көшесі (Жангелдин-Мичурин көшелерінің аралығы).

Бұл мәселе қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының қатысуымен өткен баспасөз жиынында айтылды.

– Бұлардан бөлек Глинка көшесіне жауын суын ағызатын кәріз тартылады. Тортуарлар жөнделеді. Оған бюджеттен 40 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Ал көптен бері қозғалып келе жатқан бірінші аудандағы демалыс орынының ахуалы әлі де шешілмеді. Ол жерде реттеуді біз қарастырып жатырмыз, – деді Нұрлан Серғазинов.

Айтуынша, осы аталған істерге бюджеттен биыл 894 миллион теңге қарастырылыпты. Оған қосымша кей жолдарды тегістеу үшін 80 миллион теңге де бөлінген. Сондай-ақ қаланы көгалдандыру, қоқыс шығару, тазалық жұмыстарына 980 миллион теңге беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу