Өскеменде жол апатына ұшыраған бала емханаға жатқызылды (ВИДЕО)
Иномарка мен мопед соқтығысты. Оқиға 2 маусымда Жаңа Согра ауданында болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша, Audi маркалы көліктің 48 жасар тізгіншісі жол ережесін бұзған. Ол Менделеев көшесінен Усть-Каменогорск көшесіне бұрыла беріп, мотоциклді қағып кеткен. Мотоциклде 1981 жылғы азамат пен 12 жастағы бала болған.
Ақыр аяғында, мопедтің жүргізуші травмотологиялық бөлімге, ал ондағы бала Ана мен бала орталығындағы нейрохирургиялық бөлімге жатқызылды.
Осы оқиғаға қатысты алдын ала тергеу жұмыстары басталды.
Оқи отырыңыз