Алтайда мопед пен мотоцикл соқтығысты, адам шығыны бар
Алтай қаласында жан түршігерлік оқиға болды. 2 маусымда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мопед пен «Yamaha» маркалы мотоцикл Рудный көшесінің бойында қақтығысқан. 64 жастағы мопед жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Ал мотоцикл тізгінін ұстаған азаматқа жедел операция жасалды. Бірақ ол араға екі сағат салып көз жұмған. Дәрігердің айтуы бойынша, пациенттің бірнеше сүйегі сынып, басына зақым келген.
- 64 жастағы мопед жүргізушісі үй ауласынан жолға шықпақ болған, алайда қауіпсіз маневр жасағанына көз жеткізбеген – дейді аудандық әкімшілік полиция бастығы Дәурен Құстыбаев.