KZ
Өскемен
+2°
пасмурно Штиль
488.91 532.62 5

ШҚО-да әскери борышын жедел өтеп жатқан сарбаз менингит жұқтырды

29.05.2019, 14:21 173

ШҚО-да әскери борышын жедел өтеп жатқан сқарағандылық сарбаз менигогокк инфекциясына шалдықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Менингит жағдайы Мақаншы ауылындағы әскери бөлімде тіркеліп отыр. Туыстарының айтуынша, 19 жастағы Дамир Зекенге әскери бөлімде уақытында медициналық көмек көрсетілмеген.

-Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етуді армандайтын. 14 сәуірде әскери борышын өтеуге аттанды. Сол күнді асыға күтіп жүрген еді. 24 мамырда анасына қоңырау шалып, басы қатты ауырып тұрғанын айтқан. Медициналық-санитарлық бөлімге барғанында, оның сөзіне сенбей, бір дәрі беріп, қайта қоя беріпті. Ары қарай болғанын басқа сарбаздардан естідік. 25 мамырда Дамир жерге тізерлеп отыра кетіп, басын ұстап, жылап жіберген. Содан кейін ғана оны авиациямен Алматыға жеткізген екен, дейді науқас сарбаздың туған ағасы Қуаныш Қарамурзин.

Қазір Дамир Алматы қаласындағы инфекциялық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Менигогокк инфекциясы расталды. Жігіттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

ҚР ҰҚК Шекаралық қызметінде қарағандылық жігітке медициналық көмектің бірден көрсетілгенін хабарлайды.

-        Қатардағы жауынгер Дамир Зекен 24 мамырда сағат 19.00-де әскери бөлімнің дәрігерлеріне дене қызуы көтеріліп, қалтырап, тамағы ауырғанын айтқан, - дейді Шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бойынша бөлімінің бастығы полковник Қанатбек Султанов. – Оны «қабынба баспа» деген диагнозбен лазаретке жатқызады. Ал 25 мамырда науқастың тізесінен төмен тұста қызыл дақтардың пайда болғанын байқап, алдымен аудандық ауруханаға апарған. Кейін ол шекаралық авиациямен Алматы жеткізілді.

Қазір әскери бөлімде карантин режимі жарияланып, сәйкес шаралар жүргізілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив