KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
441.66 475.14 4.86

"Бойымды орындыққа шығып өлшеді": ШҚО-дағы ең ұзын сарбаздың бойы қанша?

29.01.2022, 13:22 120
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген Дмитрий Шапуловтың бойы – 2 метр. Атырау қаласынан келген жігіт танк әскери бөліміне қабылданған. Дмитрий бойының ұзындығы әскери ортада еш ыңғайсыздық тудырмайтынын, керісінше басымдық беретінін айтты.
Дмитрий Шапулов қасындағы сарбаздар арасында бойшаңдығымен бірден көзге түседі. 45-ші өлшемдегі аяқ-киім киетін сарбаздың әскери борышын өтеуге келгеніне екі ай болған. Шымыр денелі, ширақ қимылдайтын жігіт өз ортасында ерекшеленіп жүреді. Өз сөзінде ол бойының ұзындығы әскери ортада еш ыңғайсыздық тудырмайтынын, керісінше спорт нормативтерін орындау мен жауынгерлік дайындықта қарумен ату кезінде пайдасын тигізетінін айтты.
"Аягөз қаласындағы танк әскери бөлімінің мотоатқыштар батальонында борышымды өтеп жүрмін. Осында Атырау қаласынан келдім. Бойым мектеп қабырғасынан бастап жылдам өсе бастаған", – дейді Дмитрий.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив