40 күндік әскерге бару үшін...
Дәл қазір әскерге шақыру маусымы жүргізіліп жатқаны мәлім. Бұл іс-шара жыл сайын жергілікті атқарушы, әскери және ішкі істер органдарының ұйымдастыруымен өткізіледі. Осы орайда 40 күндік әскери борыш туралы да жазсақ дейміз. Жұрт арасында «мұны да әскерге барған дейді-ау» деген сыпаттағы пікірлер жүрсе де, онда барғандардың борщ ішіп, демалып жатпайтыны анық, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
40 күндік әскерге жасы 24-тен асқан, денсаулығы жарамды, әскери міндетін атқаруды кейінге шегеру құқығына ие болған жігіттер ғана жіберіледі.
Ал әскери міндетті кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
1) отбасы жағдайлары бойынша;
2) білім алуды жалғастыру үшін;
3) денсаулық жағдайы бойынша;
4) басқа да себептер бойынша беріледі
Ендеше осы 40 күндік әскерге бару үшін қайда өтініш бересіз?
– Қарулы Күштеріміз, саны бойынша айтсақ, аса ауқымды емес, сондай-ақ барлық шақырылушы контингентті әскери дайындықпен 100% қамту мүмкін болмағандықтан, балама ретінде арнайы мектептерде ақылы негізде оқу ұсынылған. Негізгі мақсат – әскери техникалық мамандар дайындау. Онда сарбаздар атқыш мамандығын меңгеріп шығады. Бару үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтінім беріп, одан кейін медициналық комиссиядан өтеді, – дейді Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметкері Айнұр Уәлив.
Қорғаныс Министрлігі 18-27 жас аралығындағы жігіттерге жергілікті әскери мекемелер мен медициналық мекемелердің қарауынан уақытылы өтуді ескертеді.