KZ
Өскемен
-14°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

Әскерхан Ақтай: "Бұл жолғы референдум ел дамуы үшін ерекше маңызға ие"

5.06.2022, 11:27 254

Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс орталығының тұрғындары жарыса дауыс беруде. №26 сайлау учаскесінде таңдау жасаған қалалық мәслихаттың депутаты Әскерхан Ақтай референдумға қатысты бір ауыз пікір білдірді.

- Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ата заңға өзгертулермен толықтырулар енгізу туралы өз Жарлығын жариялады. Осынау саяси салмағы басым бастама өз кезегінде елімізде бастау алған саяси реформаларды жедел түрде іске асыруға бағытталып отыр.

Ата заңға өзгерістер енгізу - бүгінгі күннің талабы. Әр уақытта заңды жаңартып, қоғам талабына сай өзгертулер қосып, жаңартып тұру өркениетті мемлекеттерге тән үрдіс. Бүгін біз де осы кезеңге шығып отырмыз.

Жоғары аудиторлық палатаның құрылуы, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті және жер қойнауы байлығының халыққа тиесілі екендігі, сайлау жүйесінің мажоритарлы болып өзгеруі қатарлы жаңашыл бастамалардың барлығы бүгінгі қоғам талабынан туындаған ұсыныстар екендігі белгілі.

Бұл жолғы референдум ел дамуы үшін ерекше маңызға ие, - деді Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Әскерхан Ақтай.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу