Полицейлер мотоциклдер мен велосипедтерді көлікпен қағып, тоқтата алады
Полицейлер мотоциклдер мен велосипедтерді көлікпен қағып, тоқтата ала ма? Алтайньюс тілшісі айтады.
Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзып қашқан мотоциклдер мен велосипедтерді көлікпен қағып тоқтатуға құқылы деген ақпарат тарапты ел арасына. Көлік мінген көпшіліктің көкейіндегі сауалға ІІМ жауап берді.
«Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 60-бабына сәйкес, егер жүргізуші полицейдің заңды талаптарына бағынбаса, ведомство қызметкерлерінің көліктерді тоқтату үшін күш, арнайы құралдар мен техниканы қолдануға құқығы бар, – деп түсіндірді ІІМ.
Айта кетейік, Заңда көрсетілгендей, бұл талап мопед және велосипед жүргізушілерге де қатысты.