Көкпекті ауданында жас жігітті қағып өлтірген жүргізуші табылды
Көкпекті ауданында жас жігітті көлікпен қағып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші табылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жол апаты 25 шілдеде Көкпекті-Васильев өткелі тас жолының Самар-Сарыбел учаскесінде болған. Автокөлік қағып кеткен 22 жастағы жігіт ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Көліктің тізгінінде 39 жастағы әйел адам отырғаны анықталды. Ол – Самар ауылының тұрғыны екен. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз