Өскеменде бос жүрген адамдарды жұмысқа орналастыратын жәрмеңке өтеді

Өскеменде жұмыссыз жүрген адамдарды жұмысқа орналастыратын жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілер мен жұмысқа тұруға ниет білдірушілерді бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысуға шақырады.
Бұл ерекше жәрмеңке 20 мамыр күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Достық үйінде (Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы,68) өтеді.
Жұмыс берушілер 16 мамырға дейін 48-90-20, 29-33-73 телефон номерлеріне хабарласып немесе uka_zan2@mail.ru электронды поштасына өтінім бере алады.
Оқи отырыңыз