KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Өскемендіктер боздақтар рухына арнап шырақ жағып жатыр

9.05.2019, 14:18 254

 

  Өскемендіктер Ұлы Отан  соғысында  қаза  тапқан   жауынгерлерді  еске  алып ескерткіш басына  шырақ  жағу  акциясына қатысып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Сұрапыл  соғыста  өскемендік  жауынгерлер де  жан  аямай  ерлікпен  шайқасты. Ел басына  күн  туған  шақта  Отанын  қорғауға  аттанған  7199 боздақ  майданнан  елге  қайтып  оралмады. Акцияны  өткізуге  жиналған  қала  тұрғындары мен  қонақтары   Даңқ  мемориалында бейбіт  өмірді  аңсап, арманда  кеткен  жауынгерлердің рухына  бас иіп, тағзым  етті.

Шырақ жағу акциясына облыс әкімі Даниал Ахметов те қатысты. 

"9-мамыр мен үшін өте маңызды күн. Өйткені біздің елімізде соғыс зұлматын көрмеген отбасы жоқ. Менің атам да, әкем де майдангер. Әкем 1939 жылдан бастап, 6 жылдан астам соғысқа қатысты. Ауыр жараланды. Отан үшін қан төкті. Басында танкист, одан кейін артиллерист болды. Ерлігі үшін 5 медаль, «Отан соғысы» орденімен марапатталды. Соғыстан аман келіп, бізді, төрт баланы өсіріп, оқытып, еңбекке үйретті. Жұмысқа араласып, елді көтерді. Майдангер атамның, жауынгер әкемнің есімі мен үшін өте қасиетті! Оларды еске алу, құрметтеу менің перзенттік парызым! Біз, Батыр әкелердің – бақытты ұрпағымыз!" деген ШҚО әкімі майдангерлер рухына арнап шырақ жақты

Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан жалпы 1 миллион 360 мың адам қатысқан. Оның жартысынан көбі, 630 мың адам елге оралмай, қаза тапты.

Өскемендегі Жеңіс күні мерекесі осылай өз мәресіне жетті. Шырақ жағу акциясының соңы отшашуға ұласты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу