Өскемен әкімі Жақсылық Омар жауынгерлерді марапаттады
7 мамыр Отан қорғаушылар күні қарсаңында Өскемендегі әскери бөлімшелердің қызметкерлері қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Әрбір егемен мемлекеттің өз армиясы және оларды ұлықтайтын мерекесі бар. Бізде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Біз үшін ерекше мейрам. Осы мейрамға қатысу үшін шәкірттерін тас-түйін дайындап әкелген ұстаздарға ерекше алғыс білдіремін, – деді шаһар басшысы Жақсылық Омар.
Бұл күні әскери лауазымды қызметкерлермен бірге қатардағы жауынгер Жандос Ермеков те марапатқа ие болды.
– Мен Отан алдындағы борышымды 5518 әскери бөлімшесінде өтеудемін. Осында жүргеніме 10 ай болды. Астанадағы туған-туыстарыма сәлем жолдаймын, – дейді сарбаз.
Мерекелік шара патриоттық әндер фестивалімен жалғасты.