Шығысқазақстандықтардың орташа еңбекақысы 160 мың теңге
Облыста 34 552 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Әлібек Мақажанов брифингте мәліметті.
– Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрап отыр. Ал облыс тұрғындарының орташа еңбекақысы 159 207 теңге. Осы орайда біздің өңірдегі жалақы деңгейі басқа аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін айта кеткен орынды, - дейді Әлібек Мақажанов.
Мәліметтерге сүйенсек, шығысқазақстандықтар мүмкіндігінше мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатыстырылуда. Облыста тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша әрекет етудің кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Әлібек Мақажановтың айтуынша, еліміздегі орташа еңбекақы мөлшері халықаралық стандарттарға сәйкес есептеледі.
Біздің қызметкерлер орташа айлық жалақы мөлшерін есептеп шығарған кезде халық арасында үнемі түсініспеушілік туындап жатады. Тіпті, кей жандардың көкейінде: «Мен жүз мың теңгеден жоғары айлық алмаймын ғой. Сонда бұл қалай болғаны?» деген заңды сауалдың туындайтыны анық. Ал біздің бұған беретін бір ғана жауабымыз бар. Түптеп келгенде, мұның бәрінің өзіндік заңдылықтары бар, - дейді Әлібек Мақажанов.