ШҚО әкімі Даниал Ахметов аймақ тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аймақ тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мемлекеттік мереке біздің қоғамда бейбітшілік пен жасампаздықтың жарқын символы болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен, халықтың ұйымшылдығының арқасында еліміз тәуелсіз мемлекет құруда үлкен табыстарға қол жеткізіп, әлемдегі жоғары беделге ие болды. Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының шынайы байлығы – халқының амандығы, келісім мен сыйластықта болуы. Бұл негізгі құндылықтар біздің қоғамның дүниетанымын айқындайды және елдің одан әрі дамуының нақты бағдарына қызмет етеді. Экономиканы, әлеуметтік саланы және қоғамдық сананы ауқымды жаңғырту – халықтың достығын одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Осы ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға біздің көпұлтты облыстың тұрғындары үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Мерекелік мамыр күні баршаңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін! – деді аймақ басшысы Д.Ахметов.